Иржи Килианның Қазақстандағы балеттері

Көріністер: 106

Загружено: 4

Бөлісу:

Мақаланы жүктеп алу Russian

Авторлар

Дилара Шомаева

Философия докторы (PhD), өнертану және арт-менеджмент кафедрасының аға оқытушысы

Қазақ ұлттық хореография академиясы

Қазақстан

https://orcid.org/0000-0002-3911-5126

Мақала туралы ақпарат

Мақаланың жарияланған күні

2023-12-01

Мақала беті

78-89

Бөлім

Өнер және гуманитарлық ғылымдар

Лицензия

Attribution-NonCommercial-NoDerivs 4.0 International

Аңдатпа

Бұл мақаланың тақырыбы ХХ ғасырдың ең ірі хореографтарының бірі
Иржи Килианның қазақстандық сахнадағы балет қойылымдарын зерттеу болып табылады. 2022–2023 жылдардағы театр маусымдарында «Ақ пен қара» сериясындағы спектакльдер бірден екі балет ұжымының репертуарын толықтырды: «Астана Балет» театрының «Құлаған періштелер», «Астана Опера» театрының «Алты би» және «Кішкентай өлім» қойылымдары. Қойылым барысының негізгі сәттерін анықтау және отандық орындаушылардың игеруі үшін ұсынылған балетмейстердің хореографиялық қолжазбасының ерекшеліктерін талдау осы жұмыстың мақсаты болып табылады.

Әдістемелік негіз ретінде Иржи Килианның «Ақ пен қара» цикліндегі жұмыстары алынды, ал оларды зерттеу үшін формалды талдау әдістері қолданылды. Басқа әдістердің қатарына сипаттама-талдау, сұхбат, сондай-ақ қосылып бақылау әдісі (репетицияда болу) кіреді.

Чех хореографының премьераларының алдында труппаларды ХХ ғасырдың
өзге де бетке ұстар балет туындыларымен таныстыру үдерісі болды. Соның арқасында, әртістер Иржи Килианның пластикалық стилін сәтті меңгерді. Оның мәні классикалық балет мектебін заманауи бидің контракциялық жүйесімен синтездеу болып табылады. Оған қоса, Килианның шығармашылығы би мен музыканың мәнерлі құралдарының етене байланысымен, сезім мен эмоцияны қимыл арқылы экспрессивті білдірумен сипатталады. Осының бәрі хореограф көмекшілері Ширли Эссебум мен Стефан Жеромскидің астаналық театрларға сәтті көшірген үш балеттен айқын көрінеді.

Олардың Қазақстанда Иржи Килианның балеттерімен істеген жұмысының нәтижесі жағымды деген баға алады және оған дәлел – ұжымдардың премьералық өнер көрсетуіне деген көрермен мен кәсіби мамандардың қызығушылығы. Спектакльдерді алуда олардың жас хореографтар мен балет әртістеріне тигізетін әсерінің рөлі байқалады.

1

Кілтті сөздер

балеты Иржи Килиана
хореография ХХ века
хореографическое искусство Казахстана
театр «Астана Балет»
театр «Астана Опера»

Список источников (СИ) и References

Bremser, M. Fifty Contemporary Choreographers. – London: Routledge, 1999. – 223 p. Kisselgoff, A. Jiri Kylian Turns Creative Corner with a Tale of Simplicity and Purity // The New York Times. – 1999. – Oct. 19, 1994. – Section C. – P. 13.

Kylián J. Life, Love and Death (Interview with choreographer Jiri Kilyan) // Istvan Simon. – 28.05.2015. – [digital source] URL: https://youtu.be/6cLpMIcRve4 [access date: 10.06.2023].

Шомаева, Д. Е. Интервью с Олжасом Тарлановым. Астана, 24.10.2023. Личный архив автора.

Шомаева, Д. Е. Интервью с Татьяной Тен. Астана, 22.10.2023. Личный архив автора.

Bremser, M. Fifty Contemporary Choreographers. – London: Routledge, 1999. – 223 p.

Kisselgoff, A. Jiri Kylian Turns Creative Corner with a Tale of Simplicity and Purity // The New York Times. – 1999. – Oct. 19, 1994. – Section C. – P. 13.

Kylián J. Life, Love and Death (Interview with choreographer Jiri Kilyan) // Istvan Simon. – 28.05.2015. – [digital source] URL: https://youtu.be/6cLpMIcRve4 [access date: 10.06.2023].

Shomayeva, D. Ye. Intervyu s Olzhasom Tarlanovym [orig. Russian: Interview with Olzhas Tarlanov]. Astana, 24.10.2023. Personal archive of the author.

Shomayeva, D. Ye. Intervyu s Tatyanoy Ten [orig. Russian: Interview with Tatiana Ten]. Astana, 22.10.2023. Personal archive of the author.


Deprecated: trim(): Passing null to parameter #1 ($string) of type string is deprecated in /var/www/vhosts/nesibeli.kz/saryn.seopro.kz/cache/t_compile/93b4f13326abf2c920de729fdcdace1580d9bcb7^4dffb64063bb972c37e05619a2ccd9d0ea7473ac_0.app.frontendcomponentsfooter.tpl.php on line 70