«Көңіл ырғағы. Сезім самғауы». Көрме жоба ретінде

Көріністер: 128

Загружено: 4

Бөлісу:

Мақаланы жүктеп алу English

Авторлар

Тоғжан Молдалім

Өнер магистрі, арт-менеджмент кафедрасының 1-ші курс докторанты

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы

Қазақстан

https://orcid.org/0000-0002-2007-0044

Мақала туралы ақпарат

Мақаланың жарияланған күні

2023-03-29

Мақала беті

73–84

Бөлім

Өнер және гуманитарлық ғылымдар

Лицензия

Attribution-NonCommercial-NoDerivs 4.0 International

Аңдатпа

Бұл мақалада би өнері аясында балалардың бейнелеу өнеріне арналған еліміздегі мәдени-танымдық көрме жобасының сипаттамасы берілген.

Қай заманда болмасын жастардың білім алуы, ағарту мәселесі бірінші орынға қойылған. Мұндай міндет эволюциялық үдерістермен және айналадағы шындықпен байланысты әртүрлі әдістемелік ғана емес, сонымен қатар шығармашылық шешімдерді тудырды. Бүгінде ғаламтор заманында бір жерде бола отырып, бір уақытта дүние жүзіндегі бірнеше іс-шараларға, соның ішінде жарыстарға қатысуға болады.

Бұл мақаланың мақсаты – «Көңіл ырғағы. Сезім самғауы» атты халықаралық балет күні мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған республикалық көрмені талдау және сипаттау. Тақырыпты зерттеу үшін автор аналитикалық және сипаттамалық әдістерді пайдаланды. Әлеуметтік-мәдени көзқарас балалар мен жасөспірімдер арасындағы шығармашылық ортаның шарттары мен негізгі сипаттамаларын анықтау әдістерінің бірі ретінде зерттеу үшін өнімді болып көрінеді. Оларды анықтау балалар мен жастардың шығармашылық өзін-өзі көрсету мотивациясын және құзыреттілігін дамытуға ықпал етеді.

Көрме жобасын талдау үшін дереккөздерге шолу жасалды және балалардың шығармашылық жобасын ұйымдастыру мен өткізудің тұжырымдамалық және практикалық тәсілдері тұжырымдалды. Көрмені талдаудың арқасында балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілетін, кейбір ішкі, көбінесе бейсаналық ниеттерді дамытудың қандай әдістерін қолдануға болатынын анықтау мүмкін болды.

1

Кілтті сөздер

көрме жобасы
балалар суреттерінің көрмесі
Qazaq Ballet Creative Lab, кескіндеме
би

Список источников (СИ) и References

Furth, G. Tainyi mir risunka. Istseleniye cherez iskusstvo [orig. Russian: Secret World of Drawings: Healing through Art]. – Saint Petersburg: Demetra, 2003.

Nekrassova-Karateyeva, O. L. Detskiy risunok: kompleksnoye iskusstvovedcheskoye issledovaniye [orig. Russian: Children’s Drawing: a Comprehensive Art History Study]. 2006. – Herzen Russian State Pedagogical University. PhD thesis. – Accessed: 10 November 2021.

Ionina, O. I. Tantsevalno-dvigatelnaya terapiya kak sredstvo formirovaniya polozhitelnogo obraza – Ya podrostka [Orig. in Russian: Dance and Movement Therapy as a Means of Forming a Positive Image – I Am a Teenager] // Pedagogika. Psikhologiya. Sotsiokinetika. – 2017. – 1 (23). – P. 59–63.

Khogart, U. Analiz krasoty [orig. Russian: The Analysis of Beauty]. – Saint Petersburg: Iskusstvo, 1987.

Yudina, A. D. Multivselennaya: art, tanets, dizayn, tekhnologii: iskusstvo novogo vekha [orig. Russian: Multiverse: Art, Dance, Design, Technology: Art of the New Century]. – Moscow: Eksmo, 2018.

Sats, N. I. Deti prikhodyat v teatr [orig. Russian: Children Come to the Theater]. – Moscow: Iskusstvo, 1961.

Moldalim, T. Conversation with Assiya Mukhambetova. – Almaty, 2 October 2021.

Moldalim, T. Conversation with Anvara Sadykova. – Almaty, 2 October 2021.


Deprecated: trim(): Passing null to parameter #1 ($string) of type string is deprecated in /var/www/vhosts/nesibeli.kz/saryn.seopro.kz/cache/t_compile/93b4f13326abf2c920de729fdcdace1580d9bcb7^4dffb64063bb972c37e05619a2ccd9d0ea7473ac_0.app.frontendcomponentsfooter.tpl.php on line 70