Notice: Deprecated call without request object. in /var/www/vhosts/nesibeli.kz/saryn.seopro.kz/lib/pkp/classes/handler/PKPHandler.php on line 387
Гузель Нуримбетова | Saryn

Гузель Нуримбетова

Saryn ағылшын тілінің жауапты редакторы, дизайнер

«Интеллсервис» ЖШС репроцентрінің басшысы (Алматы қаласы)

Білімі

1992–1996 —  жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын «Құжаттану және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, шет тілі» мамандығы. «Аудармашы-референт (ағылшын тілі)» біліктілігі берілді.

Жұмыс тәжірибесі

Еңбек жолын 1994 жылы бастаған. 1998 жылдан бастап «Интеллсервис» ЖШС баспаханасында жұмыс істейді. 2021 жылдың желтоқсанынан 2023 жылдың мамырына дейін Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының рецензияланатын CAJAS (Central Asian Journal of Art Studies) журналының дизайнер-беттеуші болып жұмыс жасаған. Дизайнер және беттеуші ретінде хореография саласындағы альбомдардың, кітаптар мен оқулықтардың (Qazaq Ballet басылымы – «Қазақ балетінің Сильфидасы», «Дуэт-классикалық биді қолдаудың негізгі түрлері» және т. б.), кескіндеме («Қазіргі Қазақстанның суретшілері») және өнердің басқа да бағыттарының жобаларымен жұмыс жасады.

 


Deprecated: trim(): Passing null to parameter #1 ($string) of type string is deprecated in /var/www/vhosts/nesibeli.kz/saryn.seopro.kz/cache/t_compile/251e9704fb094317c155c11798ece6531d36806e^4dffb64063bb972c37e05619a2ccd9d0ea7473ac_0.app.frontendcomponentsfooter.tpl.php on line 70