Notice: Deprecated call without request object. in /var/www/vhosts/nesibeli.kz/saryn.seopro.kz/lib/pkp/classes/handler/PKPHandler.php on line 387
Галия Бегембетова | Saryn

Галия Бегембетова

Saryn бас редакторы

Orcid Id

https://orcid.org/0000-0003-2402-4931

Ғылыми-шығармашылық және халықаралық ынтымақтастық жұмыстар жөніндегі проректор, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының музыкатану және композиция кафедрасының профессоры.

Өнертану кандидаты, ҚР БҒМ БҒСБК қауымдастырылған профессоры (өнертану), ҚР жас дарынды ғалымдарына арналған мемлекеттік шәкіртақының иегері.

2010–2011 — М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының жанындағы өнертану ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертацияларды қорғау жөніндегі Мамандандырылған Кеңестің мүшесі.

2012 жылдан осы уақытқа дейін — ҚР «Тәуелсіз рейтинг және аккредитация агенттігінің» бірінші категориялы сарапшысы.

 Білімі:

1984–1989 — Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы, тарихи-теориялық факультет.

1991–1993 — М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, аспирантура.

Жұмыс тәжірибесі

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында 1998 жылдан бері жұмыс жасайды.

Ғылыми қызметтің профилі музыкалық орындаушылықтың тарихы мен теориясына — музыкалық өнердің көркем интерпретациялық табиғатын зерттеу, оның негізгі функциялары мен оларды өткен және қазіргі уақытта жүзеге асырудың нысандарын анықтауға байланысты. Қайта өрлеу мәнмәтініндегі ғылыми ізденістердің бұл бағыты ұлттық мәдениет пен руханиятты жаңғырту болып табылады. Жаңа гуманитарлық мәселелерге байланысты орындаушылық мәдениетті музыкалық-эстетикалық және тарихи-теориялық зерттеу көзқарасын дамыта отырып, музыкалық- орындаушылық үдерісті тәжірибелік түсінудің жаңа әдістері мен нысандары әзірленуде.


Deprecated: trim(): Passing null to parameter #1 ($string) of type string is deprecated in /var/www/vhosts/nesibeli.kz/saryn.seopro.kz/cache/t_compile/251e9704fb094317c155c11798ece6531d36806e^4dffb64063bb972c37e05619a2ccd9d0ea7473ac_0.app.frontendcomponentsfooter.tpl.php on line 70